Профессор Асқарова Ә.С. жылуфизика, физика-химиялық әсерлесетін орталардағы жылумасса тасымалы процестерін математикалық және компьютерлік модельдеу облысында білікті маман бола отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысады. Оның еңбектері жылуэнергетикасындағы энергияны тиімді өндірумен және зиянды шаңгазды қалдықтарды барынша азайтумен байланысты. Профессор Асқарова Ә.С. - Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің ғылыми зерттеулерді Гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша бірнеше ғылыми жобалардың жетекшісі, ҚР БҒМ іргелі және қолданбалы зерттеу бағдарламалары бойынша көптеген жобаларға жетекшілік еткен, 1994, 1996, 1998 жылдары ҚР БҒМ Ғылым қорының гранттарын, 1995 жылы INTAS халықаралық грантын, 2001-2004 жылдары INCO-COPERNIKUS грантын, 1992, 1996, 2000, 2004 және 2008 жылдары Германияға ғылыми тағылымдама ұсынатын DAAD гранттарын жеңіп алған. Профессор Ә.С. Асқарованың 400-ден аса ғылыми-әдістемелік жарияланымдары (ғылыми мақалалар, монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.), халықаралық конференцияларда баяндамалары бар, оның ішінде 30 мақала импакт-факторы бар рейтингті ғылыми басылымдарда (Web of Science, Scopus) жарық көрген. Проф. Ә. Асқарованың жетекшілігімен «01.04.14 –Жылуфизика және теориялық жылутехника» мамандығы бойынша докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалған. Профессор Ә.С. Асқарова - PhD докторлардың ғылыми жетекшісі, оның ішінде 10-ы диссертацияларын сәтті қорғап, PhD докторы дипломдарын алған. Хирш индексі: Web of Science – 16, Scopus – 18. Жаратылыстану-техника ғылымдары облысындағы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2003 жылғы үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» үшін І дәрежелі дипломмен марапатталған. 2004 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» ҚР БҒМ төсбелгісімен марапатталған; «2005 ж. ЖОО ұздік оқытушысы», «2010 ж. ЖОО үздік оқытушысы» және «2022 ж. ЖОО ұздік оқытушысы» ҚР БҒМ мемлекеттік гранттарының иегері; ҚР ғылымның дамуына зор үлес қосқан ғалымдарға арналған Мемлекеттік шәкіртақының Лауреаты (2005-2006, 2007-2008жж.); 2008 жылы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі жетістіктері үшін «Ы. АЛТЫНСАРИН» төсбелгісімен марапатталды; «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік деканы» дипломымен марапатталған (2009ж.); 2008 ж. ҚР БҒМ «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды; «ҚҰРМЕТ» Орденінің иегері (2009 ж.). Асқарова Ә.С. Қазақстан Республикасы ЖОО ОПҚ бас рейтингі бойынша (ТОР-50) 7 орынды иеленген.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1969

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
07.09.1999

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
профессор
19.03.2001
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Мемлекеттік грант "2010 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" 31.12.2010
"Құрмет" ордені 12.12.2009
Ы.Алтынсарин төсбелгісі 01.01.2008
Мемлекеттік грант "2005 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" 01.01.2006
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін 01.01.2004
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

74

Цитирования
817 по 198

құжаттар

h-индексі

18